Ақтөбе облысы бойынша бүгінге дейін 33 мыңға жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, оның 93,2% жазылды.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырған 165 балаларның үшеуі стационарда ем алып жатыр. Үшеуінің де жағдайы орташа ауыр. Сонымен бірге 55 жүкті әйелден COVID-19 анықталды. Оның 39-ы ауруханада жатыр. Инфекциялық кереует жүктемесе 52%, реанимация жүктемесі 43% құрады. Соңғы күндері коронавирус инфекциясына арналған кереует қоры екі есеге азайды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысынң орынбасары Бекболат Ізбасаров.
Айта кетейік, бүгінге дейін 317 мыңнан астам адам бірінші, 279 мың адам екі компонентімен де егілді. Облысқа барлығы 697 мың доба вакцина жеткізілген. Өңірдегі барлық емханалармен қатар теміржол вокзалы, әуежай мен қаладағы үш сауда орнында вакцинациялау пункті бар.