Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті электронды және қағаз түрінде көрсетілген қызмет түрінің пайыздық үлесін есептеп шығарды.
2020 жылы Ақтөбе қаласы мен аудандардың электронды түрде қызмет көрсету үлесі 66% құрады. Көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 17% төмен. Оның ішінде Әйтеке би, Ойыл, Қобда аудандарында белсенділік бәсеңдеген.
«Қағаз түрінде көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы 8% артқан. Оның ішінде Ойыл, Әйтеке би, Қобда аудандарында өсім байқалады. Еліміздегі пандемия кезінде ЭЦҚ немесе бір жолғы парольді пайдалана отырып, «Электрондық үкімет» веб-порталы, «E-gov mobile» және Telegram-bot» мобильдік қосымшалары арқылы мемлекеттік қызметтерді қашықтан рәсімдеуге мол мүмкіндік жасалды. Ақтөбе қаласы мен аудандардағы әлеуметтік-белсенді азаматтар санын ескерсек, ЭЦҚ-ны Ақтөбе қаласы (30%) мен Шалқар (14%) және Мәртөк (34%) аудандарында аз рәсімделгені анықталды. Бұл жергілікті атқарушы органдардың халық арасында электронды қызмет алудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіру бөлігіндегі ақпараттық-танымдық жұмыстарының төмендігін көрсетеді»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі.