АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтөбе қалалық мамандандырылған тергеу сотының қаулысына сәйкес, Жангелді Әубәкіров 16 сәуірден бастап 15 маусымға дейін Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша қамауға алынды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Жангелді Әубәкіров 2019 жылы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.