Ақтөбеде қала ортасында студентті тонаған адам ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 17 жастағы студентті тонап, тартып алған телефонын ломбардқа өткізіп жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде банк ғимаратының жанында 17 жастағы студентті тонап кетті. Белгісіз біреу оның жолын кесіп, күш көрсетіп, барлық құнды заттарын беруін талап еткен. Жәбірленушіден «Oppo A 52» ұялы телефоны және 30 000 теңгесі бар әмиянын тартып алған.

«Жәбірленуші дереу жақын маңдағы полиция бөліміне арыз түсірді. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 20 жастағы күдіктіні ұстады. Күдікті ісін мойындады. Ол ұялы телефонды иемденгеннен кейін оны ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.