Тергеу-тексеру кезінде оқиға 1 қараша түні қаладағы саябақтардың бірінде болғаны анықталды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында оларды көп ұзамай ұстаған. Күдіктілердің Ақтөбе қаласының 16 жастағы тұрғындары екені анықталды. Екеуі де жергілікті колледждерде білім алады.
Олар кінәсін мойындаған.
— Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады Полиция департаменті.
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес, тонау дерегі бойынша кінәлі деп танылғандарға мүлкін тәркілеумен бірге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салды.
Бұған дейін Павлодарда 9-сынып оқушысы өзге біреудің телефонын пайдаланып, жедел қызметке терроризм актісі дайындалып жатқаны туралы жалған хабар бергені жөнінде жазған едік.