Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызға сексуалдық зорлық көрсеткен әскери қызметші сотталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Сот әскери қызметшіні айыпты деп танып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. 

Фото: gov.kz

ҚР Әскери соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс жабық қаралған соң барлық ақпарат құпия сақталады. 

– Сот отырысы жабық өткен соң екі тараптың да құқығы қорғалады. Сол себепті қандай да бір ақпарат таратылмайды. Сотталушы 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, іс Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша тергеліп, қаралды. Сот отырысы Астана қаласындағы әскери сотта өтті.

Еске салсақ, Ақтөбеде оқушы қызға сексуалдық зорлық көрсетті деген күдікпен ер адам ұсталды. Оқиға Хромтау қаласында болған. 14 жастағы оқушы қызға азғындық жасады деген күдікпен 25 жастағы жігіт қамалды.