Ақтөбеде оқушы қызға сексуалдық зорлық көрсетті деген күдікпен ер адам ұсталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Оқиға Хромтау қаласында болған. Қазіргі кезде 14 жастағы оқушы қызға азғындық жасады деген күдікпен 25 жастағы жігіт қамалды. 

Ақтөбеде оқушы қызға сексуалдық зорлық көрсетті деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: Павлодар облыстық соты

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Қазіргі уақытта қажетті тергеу және процестік іс-әрекеттер кешені жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процесс қатысушыларының барлық дәлелі тексеріліп, айғақтар жиналып және талданады. Тергеу органдары істің барлық мән-жайын мұқият анықтап, зерделеп жатыр. Толық әрі жан-жақты тергеу қорытындысы бойынша заңды және негізделген процестік шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне сәйкес, сондай-ақ кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысы Темір ауданында мектеп оқушысы жүкті болып, қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірім қыз бірнеше рет түнгі рейд кезінде ұсталған.