"17 қараша күні Көптоғай ауылдық округі әкімінің шешімі шықты. Шешім аясында шектеу жарияланды. Шектеу жұмыстары кезінде шаруа қожалығының қорасына залалсыздандыру жүргізіледі. Ірі қараның бәріне қарасан ауруына қарсы вакцина егіледі. Талап бойынша 30 күн ішінде сырттан басқа мал кіргізілмейді және сыртқа шығарылмайды. Бұл жайылымға ауыл малы араласпайды. Сондықтан шектеудің жақын маңдағы Амангелді ауылына еш қатысы жоқ", - деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының бас маманы Арсланбек Алдияр.
Айта кетейік, 8 қараша күні ірі қара өліп, малдан сынама алынған. 15 қараша сараптама қорытындысы шықты. Қожалықта 325 бас мүйізді ірі қара, 576 бас ұсақ мал бар. 17 қараша күні эпизотияға қарсы отряд Көптоғай ауылдық округінің әкімінің шешімімен екпе жұмыстарын жүргізді.