Ақтөбе қалалық ПБ Тергеу бөлімінің өндірісіне «Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабы бойынша іс түсіп, тергеу жүріп жатыр.
«Ақтөбе тұрғыны 2020 жылдың қаңтар айында «Golden City – 200» ЖШС қаржы пирамидасын құрып, азаматтардан ақша алды. Қаржылық пирамидаға басшылық етіп, Ақтөбе облысының азаматтарына аса ірі көлемде материалдық залал келтірді. Қазіргі таңда 150-ге жуық жәбірленуші арызданды. Қалған жәбірленушілер арыз жазу үшін Ақтөбе қаласы Сәнкібай батыр даңғылы 24 Р мекенжайындағы Ақтөбе қалалық ПБ №511 кабинетіне келулеріңіз сұралады. Байланыс телефон:8778-362-17-60»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.