Ақтөбе қаласының 37 жастағы кәсіпкері полициядан көмек сұрап, арыз жазды. Жәбірленушінің айтуынша, Ақтөбе қаласы Есет батыр көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде төрт адам зорлық-зомбылық көрсетіп, 400 000 теңге ақшасын алып кеткен.
«Одан кейін 2,5 млн теңгемен бопсалаған. Полиция қызметкерлерімен жедел іс-шаралар өткізу барысында күдіктілерді анықтап ұстады. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Аталған баптың санкциясында мүлкін тәркілеп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.