Ақтөбеде республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті уақыт 17:30-дан бастап автобустар мен дизельді отынмен жүретін көліктерге шектеу бар. Себебі, ауа температурасы -38С дейін төмендейді.
«Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан бастап Қызылорда облысына дейінгі аумағында шектеу қойылды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысына дейінгі аумағында да қатты аяз болады. Ақтөбе-Орск, Ақтөбе-Орынбор тасжолы Ресейдің шекарасына дейін қадағалауға алынды. Мұнда да автобустардың жүруіне болмайды», - деді облыстық ТДЖ баспасөз қызметі.