Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін сағат 6:00-де Шұбарқұдық ауылында қатты жел соққан.
Салдарынан 2 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің, аудандық аурухана шатырының бір бөлігі ұшып кетті.
Барлығы 973 абонемент, 109 ұйым жарықсыз қалды. Қазір жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр.
«Теміржол бойында 4 электр бағанасы құлап қалды. Нәтижесінде «Атырау – Нұр-Сұлтан» жолаушылар пойызы 2 сағат 34 минутқа кешікті. Зардап шеккен адам жоқ. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі, теміржол саласының мамандары жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.