АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде аяз күшейіп, желдің жылдамдығы артты. Республикалық маңызы бар тасжол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін кешкі сағат 19:00-де ауа райы өзгеріп, жол жабылды. Жел күшейіп, жолдың көрінуі нашарлады. Сондықтан «Қандығаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық маңызы бар тасжол жабылды. Қандыағаш қаласынан Шалқар қаласына дейінгі 257 шақырым жолда жүруге тыйым салынды»,- деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: 24.kz
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.