АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Бұл Әйтеке би ауданының аумағы. Мамандар ертең барып, мән-жайды анықтайды.
Әлеуметтік желіде Қайрақты өзені жағасында киіктердің өлексесі табылғаны туралы видео тарады. Видеоден бір емес, ондаған киіктің жатқанын көруге болады.
Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаевтың айтуынша, видеоны түсірген адам табылды.
Еске салсақ, биыл Ақтөбеде шаруаның жерін киік таптап кетті. Дәл осы Әйтеке би ауданындағы «Құмқұдық» ЖШС-нің 1200 га жерін киік таптағаны туралы айтылды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.