АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Шалқар ауданында киік атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе облыстық филиалының қызметкерлері мен Шалқар аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары рейд өткізді. Төсбұлақ елді мекенінен «Урал» маркалы екі мотоциклге мінген қала тұрғындары ұсталды.
«Шалқар қаласының төрт тұрғынынан 12-ші калибрлі аңшы қаруы мен 14 оқ-дәрі, үш киіктің еті мен 6 дана мүйіз тәркіленді. Қылмыстық кодекстің «Заңсыз аңшылық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық ДП баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.