Ақтөбеде қоқыс маңынан ер адамның денесі табылды

Фото: Алтынай Сағындықова

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Қазір күдікті іздестіріліп жатыр. Полиция тергеу жұмыстарына байланысты өзге ақпаратты ашып айтпай отыр. 

Ер адамның денесі Ақтөбе қаласы Сәтбаев көшесі бойындағы мектеп маңында орналасқан қоқыс маңынан табылды. Күдікті ұсталмады.

– Полиция қызметкерлері мәйіттің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.