АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Қазір күдікті іздестіріліп жатыр. Полиция тергеу жұмыстарына байланысты өзге ақпаратты ашып айтпай отыр.
Ер адамның денесі Ақтөбе қаласы Сәтбаев көшесі бойындағы мектеп маңында орналасқан қоқыс маңынан табылды. Күдікті ұсталмады.
– Полиция қызметкерлері мәйіттің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.