Ақтөбеде ауа райы күрт өзгерді. Бүгін өңірде қар аралас жаңбыр жауып тұр. Ал «Самара-Шымкент» халықаралық тасжолының Хромтау-Бадамша тасжолы жабылды. Қазіргі уақытта Өлке-Ақжар ауылында 60 көлік тұрып қалды.
«Бүгін жол көктайғақ болып, жүк көліктері өрге қарай көтеріле алмай қалған. Салдарынан кептеліс болды. Жүк көліктері жүре алмай қалған соң жеңіл машиналар да әрі-бері өтпей, бір жерде тоқтап тұр. Қазіргі күні «ҚазАвтоЖол» мекемесінің жұмысшылары оқиға орнына жетті. Олар тұз, құм төсеп, жағдайды реттейді»,- деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Динара Атраубаева.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақжар ауылы мен Хромтау, Ақтөбе қаласынан шыққан арнайы құтқарушылар көлік қозғалысын реттеу жұмысын жүргізіп жатыр.