Бүгін Ақтөбе облысында жел күшейді.
Жолдар көктайғақ болып, бірнеше бағытта шектеу қойылды.
«Ақтөбе - Мәртөк - Орынбор « (Сарыжар ауылынан РФ шекарасына дейін) автожолында, Бекқұл баба ауылынан Хромтау қаласына дейінгі аралықта жол жабық.
«Сонымен бірге Ембі және Шалқар қалаларының арасындағы жол көктайғақ. Жүк және жеңіл көлік жүрмейді» деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.