АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде адам қағып өлтірген жүргізуші табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 2 шілде күні Богословка тасжолында болды.
«Сазды ауылынан Ақтөбе қаласына бағыт алған көлік иесіадам қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Салдарынан жүргінші оқиға орнында көзжұмды. Қазір күдіктіні іздеу жұмысы жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстықПолиция департаментінің баспасөзжетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, полиция куәгерлердің 102, 936 403 және 8705 7353 833 телефон нөміріне хабарласуын сұрайды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.