АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ақтөбе-Астрахань» тасжолында жол апаты болды. Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ларгус» пен «Ниссан» маркалы автокөлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
«Ниссан» көлігінің жүргізушісі мен «Ларгустың» екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық полиция департаменті жол қозғалысы ережесін сақтауға, жолда абай болуға, арақашықтықты сақтауға шақырады»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.