Ақтөбе қаласындағы Интернациональная және Шернияз көшесінің қиылысында жеңіл көлік пен №14 бағыттағы автобус соқтығысып қалды. Көптің көз алдында болған оқиға куәгерлерінің айтуынша, қала тұрғындары жедел жәрдем көлігі келгенше балаларға көмек беріп, 1 жастағы сәбиге қамқор болған.
«Лада-21902» маркалы жеңіл көлігінің 35 жастағы иесі жол ережесін бұзып, автобуспен соқтығысып қалды. Жол оқиғасы кезінде кәмелет жасқа толмаған үш бала зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алған балалар облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізуші жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша іс қозғалды. Сот алды тергеу басталды»,- деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe) Июл 24 2017 в 2:00 PDT