АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, аялдама тұрған адамдар зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Ақтөбе қаласында болды. Жеңіл көліктің 23 жастағы жүргізушісі Есет батыр көшесі бойымен келе жатып, өзге көлікке жол бермеді. Салдарынан «Mitsubishi Pajero» көлігімен соқтығысты.
«Екі көлік соқтығысқан кезде «Mitsubishi Pajero» автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, аялдамада тұрған 2 әйел мен баланы қағып кетті. Зардап шеккен жаяу жүргіншілер ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, өңірде жол-көлік апаты жиіледі. Өткен жұмада көлік аударылып, бір адам көз жұмды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.