АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жеңіл көлік жүк көлігіне соқтығысып, үш бала тірідей жанып кетті. Ауруханаға түскен әкесі де жан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолында жан түршігерлік жол апаты болып, көлік ішінде үш бала тірідей жанып кетті. Сол кезде көлік рөлінде болған үш баланың әкесі терезеден түсіп қалып, ауруханаға жеткізілген.
«19 ақпан күні жедел жәрдем бригадасы ер адамды әкелді. 45 жастағы адамның жағдайы өте ауыр болып, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Барлық медициналық көмек көрсетілгенімен, жарақаты ауыр еді. Ол жансақтау бөлімінде көз жұмды», - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұргүл Төлепқызы.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.