«Hyundai Elantra» маркалы автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы Б. Момышұлы даңғылымен келе жатып, жолды кесіп өтпек болған 68 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.
«Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Еске салсақ, Ақтөбе облысында жеңіл көлік қағып кеткен 50 жастағы велосипедші оқиға орнында көз жұмды. Оқиға Темір ауданына қарасты Ақтөбе - Астрахань автожолының 175-шақырымында болды.