«2014 жылы туған бала қазір Әйтеке би аудандық ауруханасында жатыр. Науқастың жағдайы ауыр. Төртінші дәрежелі күйік шалған. Аудандық аурухана дәрігерлері барлық көмекті көрсетіп жатыр. Анестезиолог-реаниматолог, комбустиолог медициналық авиациямен ауданға кетті. Баланың жағдайы тұрақты болған кезде облыстық медицина орталығының балалар стационарына әкелеміз», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбенің Әйтеке би ауданы, Еңбекту ауылында көлік өртеніп, 3 жасар бала жанып кетті.
Екі бала үйдің ауласында тұрған «Ваз 2106» маркалы автокөлігінің салонында ойнаған.
Белгісіз себептермен автокөлік өртеніп, 7 жасар бала шығып үлгерді.