Ақтөбе – Атырау тасжолының 258 шақырымында көлік жолдан шығып кетті. Оқиға Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылы маңында болған. «Лада-Приора» көлігінің жүргізушісі бірден аудандық ауруханаға жеткізілді.
«Жүргізушінің бірнеше жарақаты бар. Оған ота жасалды. Қазір жағайы - тұрақты, бірақ ауыр. Жабық бас-ми жарақатын алған, миы шайқалған, оң аяғы, оң жақ қабырғасы сынған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, санавиация шақырылды. Науқасқа травматологогиялық ота жасалуы қажет», - деді Байғанин аудандық ауруханасының хирургі Азамат Адаев.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында Байғанин ауданы, Жарлы ауылының 34 жастағы тұрғыны көз жұмды.
«Ішімдік ішкен-ішпегені тексеріліп жатыр. Сот-медициналық және техникалық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.