Бірақ «жазаны ізгілендіру» күтілген оң әсерін бере қоймады. Бірнеше сағаттан кейін жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бұл ер адамды жаңа ұрлық үстінде ұстады - бұл жолы ол «Фольксваген-Транспортер» шағын автобусын ашып, ішінен магнитола мен антирадарды ұрлап алды. Ұрыны ұстаудың екі оқиғасында да облыстық ІІД жедел басқарма орталығының техникалық құралдары, соның ішінде облыс орталығының аумағында бейнебақылау жүйесі жұмылдырылғанын атап өту керек.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен атап өткендей, жауап алу кезінде ұсталған ер адам Ақтөбе қаласының аумағында осыған ұқсас төрт қылмысты жасағанын мойындады.