Облыс аумағына 9 блокпост қойылды. Оның үшеуі Ақтөбе қаласына кіріп-шығу жолында, өзгесі аудандарға қойылды.
Блокпостарда полиция мен қорғаныс қызметкерлері жұмыс істеп тұр. Кіріп-шығып жатқан жолаушылардан тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілуде. Ал блокпостарда тыныштықты сақтап тұрған әскерилерге жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақ жеткізуде.
Еске салсақ, Ақтөбеде коменданттық сағат тәртібін сақтамаған 400-ге жуық адам ұсталды. 11 ұйымдастырушы мен іріткі салушы күдікті қолға түсті. Облыс аумағында құқықтық тәртіпті бақылау жұмысы жалғасып жатыр.