АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде облыс әкімінің 100 гранты мен Ұлттық қор есебінен 180 оқу гранты берілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін оқу грантын бөлу комиссиясының отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелеріненөзге денсаулық, білім, ауыл шаруашылығы, дене шынықтыру және спорт, дін істері,мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылары қатысты. Басқосудаоблыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өңірдегі сұранысқа ие мамандықтарға арнайы бөлген100 грантына ЖОО іріктелді. Грантты жеңіп алуға жергілікті ЖОО-лардан бөлек Астана,Алматы, Атырау, Орал қалаларының оннан астам оқу орны қатысқан. Бүгінмемлекеттік грантты иелене алмай қалғар жастар үшін облыс әкімінің арнайы бөлген100 гранты үлкен мүмкіндік болып отыр.
«Мақсатымыз - облыста сұранысқа ие мамандарды әзірлеп, жастардың сапалы білімалуына жол ашу. Олар болашақта өңір дамуына өз үлесін қосады деп сенемін», -деді Оңдасын Оразалин.
Комиссия отырысының шешімімен облыс әкімінің 100 гранты С. Сейфуллин атындағы қазақагротехникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялықуниверситеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті, Нұр-МүбаракЕгипет ислам мәдениеті университеттерінде білім алатын жастарға берілді.
«Өңірде орыс тілі мен әдебиеті, математика-физика, ветеринария, ауыл шаруашылығымамандарына сұраныс жоғары. Комиссия аталған ЖОО-ларды бірнеше шарттар бойынша таңдады.Жатақханамен қамту, білім сапасы, талапкерлерге қолайлылығы сынды 12 шартескерілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының нысаналытрансферт есебінен 180 грант бойынша байқауға түскен ЖОО-лар да іріктелді. 180грант мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алушы және көпбалалы отбасыныңбалаларына арналған. Олардың аттестаттағы бағасы мен ҰБТ-дан жинаған балыескеріледі. Талапкерлерге мемлекеттік білім грантын тағайындау тамыздың 15– 20 аралығында өткізіледі», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.