АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 8 адам құтқарылды. Оның үшеуі - бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне хабарлама түсіп, оқиға орнына 26 адам мен 7 техника жіберілді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде оттың бірінші қабаттан тұтанғанын білді. Онда кереует жанған.
Ал апаттық медицина орталығының қызметкерлері 67 жастағы ер адамға көмектесті. Ол қазір жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
«Сонымен бірге 8 адам құтқарылса, оның үшеуі - бала. Өрт сөндірушілер 10 адамды эвакуацияласа, оның екеуі - бала», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.