АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты. Барлығы 4 адам құтқарылып, 12 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін сағат 16:48 шамасында Ақтөбе қаласы Тургенев көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйден өрт шықты.
Хабарлама түскен соң тілсіз жауды ауыздықтауға 20 адам, 6 техника жұмылдырылды.
Оқиға орнына жеткенде төртінші қабаттан от шыққаны анықталды.
Өрт кезінде 4 адам құтқарылып, 12 адам эвакуацияланды. Оның ішінде төртеуі - бала.
«Зардап шеккен азаматқа Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері медициналық көмек көрсетті. Алайда бір адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды» дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.