АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде көпқабатты үйдің балконынан өрт шығып, ондаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін сағат 12:20-да төтенше жағдайлар қызметіне хабарлама түсті.
Хабарламада Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесіндегі көпқабатты үйдегі балконнан өрт шыққаны туралы айтылды.
«Өрт жетінші қабаттағы пәтерде тіркелді. 85 адам құтқарылды. Оның ішінде 25-і бала. 70 адам эвакуацияланды. Бір тұрғын газдан улану қаупімен Апаттар медицинасы орталығы тексеруінен өтті», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.