АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде індетке шалдыққан күдіктіден жауап алған прокурорлар мен полиция қызметкерлерінен анализ алынды. Алғашқы тексеру кезінде олардан ауру белгісі анықталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Полицияның тергеу изоляторында 8, прокуратурада 15 адамнан анализ алынып, карантинге жатқызылды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Еске салсақ, кеше тергеу изоляторындағы күдіктіні тексеру кезінде оның індет жұқтырғаны анықталған болатын.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.