Ақтөбеде коронавирустан көз жұмған ер адам 4 күн үйінде емделген

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 65 жастағы ер адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Дәрігерлер жағдайы нашар болғанда көмекке жүгінгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы кездері коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбі жағдайы нашарлағанда ғана дәрігер көмегіне жүгініп, ем алып жатыр. Қазір облыста 16 адам жансақтау бөлімінде жатыр, оның алтауы жасанды тыныс алу аппаратында қосылған. Бір науқас көз жұмды. 65 жастағы ер адам маусым айының алғашқы күндері ауырып, төрт күн бойы үйінде ем алды. Дене қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындаған кезде ғана жедел жәрдем шақырды. Бірден жансақтау бөліміне жатты. Жағдайы күрт нашарлап, көз жұмды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Ақтөбе облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Облыста 685 науқаста вирус анықталса, оның 147-і симптомсыз. Науқастардың 392-і емделген. Ауырған адамдардың 54-і бала. Балалардың 50-і ем қабылдап, үйіне шықты.

Соңғы жаңалықтар