Ақтөбеде көз жұмған дүкеншінің күйеуі мән-жайды айтып берді

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Бадамша ауылында дүкен иесінің әйелі пышақ жарақатынан көз жұмды. Марқұмның күйеуі Тілектес Пірманов оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі сағат 13:00-де дүкенге барып, әйелімдіалмастыруым кедек еді. Бірақ мен 14:00-ге таман бардым. Келушілергеарналған есік жабық тұр екен. Дүкен түскі үзіліске жабылмайды, әйелім басқажаққа баратын шаруасы болса ескертіп айтады. Бұл жолы олай болмады. Артқыесіктен, яғни, подьезге кірсем велосипеді тұр екен. Ішке кіргенде «Фируза,Фируза» деп дауыстадым. Қоймада қол сөмкесі шашылып жатты. Бір нәрсе болғанынсездім де дүкеннің ішіне кірдім. Терминал құлап қалған, тоңазытшықтың жанындаәйелімнен қан кетіп жатқанын көрдім. Басын ұстадым, ес-түзсіз жатыр екен. Қанкөп кетіп қалған, «көл» болды. Қарсыласқаны көрініп тұр. 30 рет пышақ сұғылғандейді. Кеудесіне сала берген пышақты. Тіпті мойын омыртқаға дейін пышақтаған»,- деді марқұмның күйеуі Тілектес Пірманов. Оның айтуынша, күдіктінің бірін олартаныған, дүкенге үнемі келіп жүретін ауыл тұрғыны болған.

«Біздің арамызда қандайда бір жанжал болмады. Ара-тұра қажетті заттарын қарызға алып жүрді. Нақты нешеадам келгенін білмеймін. Біреу, екеуі, тіпті, үшеу деп айтып жатады. Аудандатәртіпті күшейтсе екен дейміз. Бәрімізде қорқыныш бар. Ол жерде бала болса қайтередік... Алдыңғы есік кілттеулі, күдікті подъезден шығып кеткен. Ештеңе алмаған,тек ақша. Жобамен 40 мың теңге ақша мен бір уыс тиынды алды», - деді марқұмныңкүйеуі Тілектес Пірманов.

Марқұм Фриуза Пірмановамен Тілектес Пірмановтың екі қыз, бір ұлы бар. Үлкен қызы консерваторияныбітіріп, оқуын жалғастырмақ. Ұлы да Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орнындабілім алып жүр. Ал кенжесі биыл мектепті үздік бітіріп, Алматыға аттанды.Балалары алғыр отбасы күдіктілердің әділ жазасын алғанын қалайды.

«Адамдар қарызға алып,ақшасын бермей кететін. Ал біз алар ақшамызды сұрамайтынбыз. Тіпті бейнекамерақондырмай, бәріне сендік. Адам көп жүретін жерде мұндай қылмыс болады депойламаған едік. Бұған дейін ауылда бір дүкеннің күзетшісін байлап, ақшасын алыпкеткен. Сол кезде ғана бейнебақылау жайы айтылды», - деді ол.

Ауыл тұрғындары тәртіптікүшейтуді, полиция қызметкерлерінің көшені бақылауға алуды сұрады.

«Жас жігіттердің түрінеқарсаң бәрі дұрыс сияқты. Бірақ адамның ішінде не бар екенін білмейміз. Полицияүнемі жаяу жүріп, қарау керек. Көлікпен қарағанда ештеңе сезбейді. Тал түстеболған жағдайдан соң қорқамыз», - деді ауыл тұрғыны Серік Қазмағамбетов.

Еске салсақ, оқиға 14тамыз күні болған еді. Полиция қызметкерлері екі күдіктіні тауып, қамауға алды.

Айта кетейік, осы оқиғабойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалып, тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар