Оқиға 22 қыркүйек күні Ақтөбенің Ойыл ауданы Саралжың ауылынан 60 шақырым қашықтықта болды. Өрт бүгін таңға жақын ғана сөндірілді.
- Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Барлығы өртті сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 85 адам, 18 техника жұмылдырылды. Өрт 23-қыркүйек күні сағат 03:35-те толық сөндірілді. Зардап шеккен адам жоқ. Елдімекендер мен нысандарға қауіп төнгенбеді,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. https://t.me/aqtobe_tjd/1727
Айта кетейік, қыркүйек айының басында Ақтөбе қаласында қоқыс полигонынан өрт шықты.
Ақтөбеде қоқыс полигонындағы өрт екі тәуліктен соң толық сөндірілді.