Ақтөбе облысында ұзақ уақыт бойы бос тұрған орынға жаңа басшы тағайындалды.
2021 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарған Ержан Мұздыбаев енді облыстың құрылыс саласына жауапты.
— Ержан Мұздыбайұлы 1991 жылы дүниеге келген. Білімі — жоғары. 2012 жылы Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін, 2017, 2021 жылдары Қазақ-Орыс Халықаралық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының инспекторы болып бастаған. Аталған басқармада бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.