Мәлім болғандай, «Рамазан» ЖШС-ға тиесілі құс фабрикасының аумағында орналасқан цех жанған. Цех жұмыртқаға арналған қаптамалар шығарады.
«Өрт қызметіне шақырту 6 наурыз күні сағат 23:49-да түскен. Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесінен 73 адам және 13 техника жіберілді. Апаттар медицинасы орталығы мен Жедел құтқару жасағынан да көліктер мен адамдар, жергілікті полиция қызметі барды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.