АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қатты жел соғып, жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысы аумағында жел күшейіп, боран соғып тұр. Салдарынан жолдар жабылды.
«Самара-Шымкент тасжолының 776 шақырымынан 965 шақырымына дейінгі аралық, «Ақтөбе-Орск» тасжолының 39 шақырымынан 136 шақырымына дейінгі аралық жабылды. Екеуі де республикалық маңызы бар жол. Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысына жол қозғалысы ережелерін сақтауды, жолда өте мұқият болуды және алыс іс-сапарларға шықпауды ескертеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.