Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, күйік шалған жұмысшылар Шалқар аудандық ауруханасынан №1 Ақтөбе қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген, ем жүргізілген. Кейін бір науқас санавиациямен Астана қаласына жіберілді. Бір жұмысшы кеше ауруханада көз жұмды.
Еске салсақ, оқиға 13-қазан күні болды. Жәбірленушінің қызы Алмагүл Қасымова сол кезде әкесінің жағдайы ауыр екенін айтып, көмек сұрады.
Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы департаменті болса тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Екі жұмысшы ҚТЖ мекемесіне қарасты екпе ағаштар дистанциясында жұмыс істеді. Өрт жанар-жағармайды құйып жатқан кезде шыққан.