АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қызға зорлық көрсетті деп күдікке іліккен екі ер адам бұған дейін үйқамақта болса, енді олар тергеу аяқталғанша қамауда отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елек өзені жағасында көлік ішінен бір қыз жүгіріп шығып, өзіне зорлық көрсетілгені туралы полицияға айтқан болатын. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүрді.
«Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігімен («Зорлау») іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Күдіктілер үйқамаққа алынды. Тергеу кезінде іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігіне қайта өзгертілді. Алғашында күдіктілер үйқамақта болды. Кейін екеуі де тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлайды облыстық полиция департаменінің баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.