Ақтөбеде қызын зорлады деген күдікті әке іздестіріліп жатыр

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қызын зорлады деген күдікке іліккен 36 жастағы Ермек Ахметов іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық криминалдықполиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке іліккен ЕрмекАхметовты әлі іздеп жатыр. 2019 жылдың 27 ақпаны күні күдікті Ақтөбеқаласындағы Қарғалы ауылы, Бейбітшілік көшесіндегі пәтерінде кәмелет жасқатолмаған қызын зорлаған. Аса ауыр қылмыс жасап, кейін оқиға орнынан кетіпқалған.

«Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық ісқозғалып, сот алды тергеу басталды. Ал күдікті Ермек Ахметовке халықарылықіздеу жарияланды. Шымкенттен көрген деген ақпаратты полиция терсеріп жатыр.Бойы – 170-175 см. Ол қазір сақал-мұрт өсіріп те жіберуі мүмкін. Ақпарат білгенадамдардың кез келген полиция бөлімшесіне хабар беруін сұраймыз», - дедіоблыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Соңғы жаңалықтар