Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева жергілікті арнаның тікелей эфирінде балалардың жазғы демалысы туралы айтып берді.
«Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, жазғы лагерьлер 15 маусым күні өз жұмысын бастай алады. Қала маңында 11 лагерь бар. Қазір лагерь иелері дайындықты бастады. Тек жолдама құнына ПТР тестілеу кіреді. Яғни, балалар сынама тапсырады. 100-150 баладан қабылдайтын боламыз. Қызметкерлер де, балалар да 2 апта лагерьден шықпайды. Жылдағыдай өзге облыстарға жібере алмаймыз», - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында соңғы тәулікте тағы 4 адам індетке шалдығып, вирус жұқтырғандар саны 338-ге жетті. Оның тең жартысынан астамы емделді.