Ақтөбеде лаңкестік кезінде әрекетсіздік танытқаны үшін айыпталған полицейлер босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде лаңкестік кезінде әрекет жасамағаны үшін айыпталған полицейлер Мақсат Шляшев, Ермек Шоқановты сотқа дейін кепілмен босатты, деп жазды diapazon.kz.

Атап өтсек, айыпталушылардың туыстары облыстық прокуратура ғимаратының жанында бірнеше сағат тұрды. Олар туыстарының еш кінәсі жоқ деп санайды. Полицейлерді прокуратураға жауап алуға шақырды. Олар баспасөзге сұхбат беруден бас тартты. Ермек Шоқанов айыптау жайында өзі ештеңе білмейтінін айтты.
Еске салсақ, бас прокуратура «Әрекет жасамау» бабы бойынша жергілікті полиция қызметінің бастығы Мақсат Шляшевқа және оның орынбасары Ермек Шоқановқа іс қозғады. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, Шляшев пен Шоқанов 5 маусымда 6655-әскери бөліміне шабуылдаған радикалдарды ұстауға барабар шара қолданбаған. Оқиға орнына жергілікті полиция қызметінің қарулы қызметкерлері келгеніне қарамастан барлық радикалдар қашып кеткен, бұл ретте олар үш адамды өлтірген.