АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде магистратура талапкерлерінің тестілеуіне қатысушылар мұқият тексерілді. Үш күнде 616 телефон тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтөбе – адалық алаңы» жобалық кеңсесі магистратура тестілеуіне қатысты. Тамыздың 10-14 аралығындағы тестілеудің алғашқы үш күні бақылаушыларды таңқалдырды.
«Тестілеу Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің базасында өтіп жатыр. Ашықтық пен әділдікті бақылаған «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері тестілеуді көріп, жағаларын ұстады. Үш күнде 616 телефон тәркіленді. Барлығы 29 талапкердің нәтижесі жойылды. Ал 572 адамның тек 32-і шекті балды жинады», - деп хабарлады «Ақтөбе – адалық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.