Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжановтың айтуынша, 25 қыркүйек күні Садовый тұрғын алабынан 2 бас ұсақ малдың ауырғаны туралы хабар түскен.
Қалалық ветеринария стансасының мамандары қойды қарап шықты.
«Тексеру кезінде шырышты қабаттың бәрінде бөріпте анықталды. Сонымен бірге қызуы жоғары болған. Ветеринар мамандар ауру малдан биосынамаларды алып, диагноз қою үшін облыстық ветеринариялық зертханаға жіберді. Тексеру кезінде бірден «қой күлі» диагнозы қойылған. Арада 4 күн өткенде талдау сынамасының нәжижесі шықты. «Қой күлі» диагнозы расталды»,- деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.
Қазіргі кезде қойдан жұқпалы дерт анықталғаны туралы хабарлама Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімдігіне берілді.
Ветеринарлар Садовый тұрғын алабында карантин белгілеу туралы шешімін күтіп отыр.
Шешім шыққан соң «Эпизоотияға қарсы отряд» РМК мәжбүрлі вакцинация, дезинфекция жұмыстарын жүргізеді.
Ал карантин 20 күнге созылады.