Нұржан Мақсатов 2014 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің қаржы, 2018 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2014 жылы Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының іс қағаздарын жүргізу инспекторы болып бастаған. Кейін қызметін бас маманы, индустриялық даму бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы болып жалғастырды. 2020 – 2022 жылдары аралығында Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болып, 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап басшысы қызметін атқарды.
- Облыс әкімі алдымен елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмысты жүйелеу және абаттандыру мәселелеріне назар аударды. Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Ауданның экономикалық белсенділігін арттыруға да басымдық берілді. Инвестициялық жобаларды жандандыру, құрылыс пен инфрақұрылымдық жұмыстарды жеделдету, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша нақты жұмыс жүргізу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ пайдаланылмай тұрған суармалы жерлерді қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізу мәселесі көтерілді. Аудан әкімдігіне тиісті мекемелермен бірлесіп, суару жүйесіне қатысты мәселелерді шешу және алқаптардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету тапсырылды,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге пайдаланылмай жатқан және игерілмеген жер учаскелерін ауыл шаруашылығы айналымына қайтару жұмысы жүйелі жүргізілуі тиіс.
Еске салсақ, бүгін Ырғыз ауданы әкімі қызметіне Рүстем Өтешов тағайындалды.