Ақтөбеде мас жүргізуші 54 жастағы ер адамды қағып кетті

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Есет батыр көшесінде көлік апаты болды. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы жол-апаты тұрғындардың көз алдында болды. Жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан жігітті жол талғамайтын көлік соғып, жүргізуші көлігімен басқа бағытқа кетіп қалған. Кейін куәгерлер жүргізушіні қуып жетіп, оның көлік нөмірі мен бейнесін әлеуметтік желіге жариялап жіберді.
 

<" width="1" height="1" layout="responsive">

Ниссан көлігінің 34 жастағы жүргізушісі жаяу жүргінші жолағымен өтпек болған адамды қағып кетті. Оқиға орнында 54 жастағы адам көз жұмды. Қазір осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша іс қозғалды. Жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар