Ақтөбеде мәслихат депутаты әйелді ұрып-соқты деген күдікке ілікті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихат депутаты Болат Аяп әйелді ұрып-соқты деген күдікке ілікті. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Фото: видеодан скрин

Ақтөбеде Жарлы ауылының тұрғыны Күнсұлу Намазбаева әлеуметтік желі арқылы өзін Болат Аяп ұрғанын, өміріне қауіп төнгенін айтып, көмек сұрады.

Еске салсақ, екі жыл бұрын Ақтөбеде қалалық мәслихат депутаты рульге мас күйінде отырып, 15 тәулікке қамалды.  Кейін ол қоғамдық кеңс мүшесі болды